АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 19 Қараша 2025 17:15

Жас педагог мектебінің кезекті отырысы

            2025 жылдың 13 қарашасында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Жас педагог мектебінің кезекті отырысы өтті. «Педагогикалық шеберлік: тәжірибе, дәстүр, инновация» тақырыбындағы «Дөңгелек үстел» форматындағы іс-шараны директордың оқу-әдістемелік және ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Бостанбаева С.К. ұйымдастырды. 

            Кездесуге колледждің тәжірибелі оқытушылары шақырылып, жас мамандармен мамандықтың құпияларымен бөлісті. Олар әріптестерімен жылы қарым-қатынас жасап, педагогикалық қызметтің ерекшеліктері жайлы айтып берді және көптеген сұрақтарына жауап берді.

            «Қаржылық сауаттылық» курсынан тоқыған білімдерімен Бекназар А.Б. және Нарымбаева Д.Н. бөлісті. «Talap» КЕАҚ штаттан тыс тренері Рамазанова У.К. қатысушыларға заманауи «Scaffold» құралын қолданып, оқу сабақтарын жобалау бойынша мастер-класс өткізді. 

            Жас педагог мектебі аясындағы кездесулер оқытушылар құрамының кәсіби дамуына үлес құрады және оларды жаңа ізденістерге итермелейді.

           

Сайт бойынша іздеу

 CIK

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp