2025 жылғы 13-14 қараша аралығында «Сұнқар» қалалық спартакиадасы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында үстел теннисі бойынша жарыстар өтті.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы осы жарыстарда жүлделі 2 орынды иеленді.
Команда құрамына білім алушылар Қакимбек Дәурен (ТЖ-41В), Жолданғар Амир (ТЖ-41А), Бағдат Әнел (БМ-31) және Балтабаева Назира (ФК-22С) кірді.
Білім алушыларымызды лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!



