2025 жылғы 12 қараша күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде дәстүрлі «Студенттер қатарына қабылдау» рәсімі өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар – тәрбие бөлімі, ЖІК және колледждің Студенттік парламенті.
Салтанатты бөлім колледж директоры Тураров Сериккан Женисович және директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Шайхина Гульжанар Жаксылыковнаның құттықтау сөздерімен басталды.
Рәсімнің маңызды сәттерінің бірі – «Білім кілтін» тапсыру болды. РЛ-22 тобының екінші курс білім алушысы Рапыкова Даяна оны ФК-12Б тобының бірінші курс білім алушысы Жайлау Еркебуланға табыстап, осы сәтте олардың студенттік жолының басталуын айқындады.
Іс-шара барысында колледж өміріне белсене атсалысқан студенттерді марапаттау рәсімі де өткізілді. Оларға белсенділігі мен жетістіктері үшін бағалы сыйлықтар табысталды.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің барлық бірінші курс білім алушыларын студент атануларымен құттықтаймыз!



