Қыс мезгілі өзінің табиғи ерекшеліктеріне орай адамдарға өзінің ызғарын көрсетеді. Осыған орай 24.11.2017 жылы ҚТ-11 С, ҚТ-21, ЖББ-41 және ЖББ-41 С топтарында «Қыс мезгіліндегі қауіп-қатер және қауіпсіздік» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Күзде боран мен қардан кейінгі мұз үстімен жүруге болмайды. Қатты ағымды өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажет.
Мұз үстінде жүру ерекшеліктері:
- қатпаған мұз үстіне шықпаңдар;
- мұз үстінде топ болып тұрмау керек;
- мұз жарылған, шұңқыр жерлерге жақындамаңыз;
- биік жардан шана, шаңғымен сырғанамаңыз;
- мұз үстіне рұқсат етілмеген жерлерден өтпеңіз;
- мұз үстіне қараңғы, нашар көрінетін кезде шықпаңыз;
- өткел жоқ жерден мотоцикл, автокөлікпен жүрмеңіздер.
Егер сіз тайсаңыз, отыра қалыңыз. Құлап бара жатып, өзіңді жинап, жерге тигенде домалау қажет.
Білім алушыларға теориялық білімдерді түсіндірумен қатар, қауіп-қатерге тап болған жағдайда қолданылатын іс-шараларды тәжірибе жүзінде жүзеге асырды.
Касимова М.Д.,
Бекжанова М.Е.