2025 жылғы 10 қараша күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің БА-31 тобында Бухгалтер күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шараны оқытушылар Утегенов Е.К. және Гирьева А.Д. ұйымдастырды.
Бағдарлама барысында қызықты викторина, практикалық тапсырмалар мен түрлі есептерді шешу өткізілді. Білім алушылар өздерінің кәсіби білімдері мен болашақ мамандарға тән дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.
Іс-шараның соңында домбыра үнімен орындалған әуен ерекше әсер қалдырып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Байқауда 1 және 2 орын алған білім алушылар алғыс хаттармен марапатталды. Мереке жылы да достық атмосферада өтіп, барлық қатысушыларға жағымды әсер қалдырды.



