2025 жылғы 6 қараша күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасы, Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы және Дене тәрбиесі мен АӘТД кафедраларының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – бірінші курс білім алушыларының колледждегі жаңа оқу жағдайларына бейімделуі болды.
Отырыс барысында колледж психологы Бегалина Ж.Б. баяндама жасап, білім алушылардың бейімделу процесінде қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру мен топішілік бірлікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Одан кейін топ кураторлары Давлеталинова А.Н. мен Толпыгина Г.М. өз топтарындағы бейімделу жұмыстары туралы ақпарат беріп, тәжірибелерімен және жүзеге асырылған бастамаларымен бөлісті.
Отырыстың екінші бөлімінде кафедра меңгерушілері бірінші аралық бақылаудың қорытындыларын ұсынып, білім алушылардың оқу жетістіктерін талқылады және алдағы уақытта бейімделу мен үлгерімді арттыру бойынша ұсыныстар берді. Іс-шара мазмұнды өтті, қатысушылар өзара ой бөлісіп, бірінші курс білім алушыларының бейімделу үдерісін жақсарту бойынша пайдалы ұсыныстар берді.



