2025 жылғы 6 қараша күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасының бірінші курс білім алушыларына арналған «Кәсіпке баулу» атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараны Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасы жанындағы Педагогикалық шеберлік орталығы мен оның жетекшісі Усина С.С. ұйымдастырды.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – болашақ оқытушылардың таңдаған мамандығына деген мақтаныш сезімін оятып, оның қоғамдағы жоғары миссиясы мен маңыздылығын түсіндіру болды. Салтанатты атмосфера білім алушылардың кәсіби жолының бастауына айналды.



