2025 жылғы 3 қарашада Ақмола облысы ТЖД МӨСБ-2 базасында АҚЖКК ПБ-32А тобында «Өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдары» тақырыбында «Өрт тактикасы» пәні бойынша сабақтар өткізілді.
Сабақ барысында білім алушылар қарауыл қызметін ұйымдастырумен танысты. Оларға Ақмола облысының өрт сөндіру бөлімшелерінде қолданылатын заманауи өрт сөндіру техникасы көрсетілді. Сабақ кезінде негізгі және арнайы өрт сөндіру автомобильдерінің тактикалық-техникалық сипаттамалары зерттелді. Сондай-ақ өрт сөндіру автомобильдерінде бар өрт-техникалық жабдықтар таныстырылды.
Сабақ соңында білім алушылар Көкшетау қаласындағы өрт қауіпсіздігі қызметінің құрылу кезеңінен бастап жинақталған экспонаттар қойылған өртке қарсы қызмет мұражайын тамашалады.


