АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 05 Қараша 2025 09:32

Мастер-класс

            2025 жылдың 31 қазан күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Азаматтық қорғаныс кафедрасында өндірістік оқыту шеберлерінің білім алушылар арасындағы өрт-құтқару дайындығы бойынша сайыс түрінде өткен мастер-класс ұйымдастырылды. Сайысқа «Өрт қауіпсіздігі» және «Төтенше жағдайларда қорғау» мамандықтарының екінші курс білім алушылары қатысты.

            Іс-шараның мақсаты болашақ құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің кәсіби шеберлігін арттыру, командамен жұмыс істеу рухын дамыту және тәжірибелік дағдыларын жетілдіру болды. Командалар өрт-құтқару және саптық дайындық бойынша нормативтерді орындаудағы білімдері мен іскерліктерін көрсетіп, өрт-техникалық қару-жарақпен, гидравликалық және бекіністік құралдармен жұмыс істеу қабілеттерін танытты. Сондай-ақ қысылған ауадағы тыныс алу аппараттары мен альпинистік жабдықтарды дұрыс пайдалану дағдыларына ерекше назар аударылды.

            Сайыстың барлық кезеңдері кафедраның оқу базасында - оқу өрт және апат-құтқару бөлімшесінде, жылу-түтін камерасында және оқу мұнарасында өтті. Білім алушылар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жауапкершілікті көрсетті.

         

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp