АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 04 Қараша 2025 09:37

Гермонина Мария

            Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ПМНО-42А тобының білім алушысы Гермонина Мария Ақмола облысы Полиция департаменті жанындағы есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің мүшелік куәлігін алды. Кеңестің басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және есірткі қылмыстарын азайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру.

            Мария қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысып, «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының республикалық съездерінде жастардың мүдделерін таныстырып жүр.

            Сонымен қатар, Мария қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырып, мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсететін «Феникс» волонтерлік орталығының жетекшісі болып табылады. Бұдан бөлек, ол «Думан» студенттік ұйымының аналитикалық қызметін басқарады. Оның еңбегі өзекті мәселелерді шешу стратегияларын әзірлеуге және әлеуметтік саясатты жетілдіруге бағытталған.

            Біздің студентімізді шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта да сәттіліктер мен жаңа жетістіктер тілейміз!

Кескіндер галлереясы

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp