АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 03 Қараша 2025 09:31

«Жасампаз кітапханашы»

2025 жылғы 24 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің кітапханасында Кітапханашы күнін мерекелеу құрметіне «Жасампаз кітапханашы» тақырыбында ұйымдастырылған өзін-өзі басқару күні өтті. Іс-шара «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында өткізілді.

Білім алушылар кітапхана жұмысы туралы көбірек біліп қана қоймай, сонымен қатар жұмыс барысына белсенді қатыса отырып, өздерін кітапханашылар рөлінде сынап көрді.