АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 29 Қазан 2025 10:59

№2 Студенттік жатақхананың салтанатты ашылу рәсімі

            2025 жылдың 29 қазанында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде жаңа №2 Студенттік жатақхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Ақмола облысы Білім басқармасының басшысы Балташева Айнагуль Кыдырбаевна, «Нурбанк» АҚ өкілдері және колледждің әлеуметтік серіктестері қатысты.

            Салтанатты іс-шараны колледж президенті Қасым Шоқан Жанатұлы құттықтау сөзімен ашып, бұл оқиғаның маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Ақмола облысы Білім басқармасының басшысы Балташева Айнагуль Кыдырбаевна да сөз сөйледі.

            Колледж президенті Білім басқармасының басшысымен бірлесе отырып, жаңа жатақхананың ресми түрде ашылғанын жариялап, символдық лентаны қиды.

            Музыкалық ансамбльдің өнері жиналған қонақтарға қуаныш пен жылы көңіл сыйлады. Қонақтар жатақхана бөлмелерін аралап, тұрмыс жағдайымен танысып, өрттен үш баланы құтқарып, ерлік көрсеткен ПБ-42А тобының білім алушысы Тоқсанбаев Мираспен кездесті. Ержүрек ісі үшін Мирас мемлекеттік марапатпен марапатталды. Білім басқармасының басшысы Балташева Айнагуль Кыдырбаевна өз алғысын білдіріп, Мирасқа ноутбук пен Алғыс хат табыстап, оқуда табыс пен жарқын болашақ тіледі. Сонымен қатар «Nurbank» АҚ өкілдері естелік кәдесыйларын ұсынды.

            Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жаңа жатақхананың ашылуы білім алушылардың қолайлы тұрмысын қамтамасыз етіп, оқу үдерісінің сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.

          

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp