2025 жылдың 24 қазанында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Концерттік бағдарламаны тәрбие бөлімі, ЖІК және колледждің белсенділері дайындады.
Республика күні – еліміздің басты ұлттық мерекелерінің бірі, Қазақстан халқының бірлігі мен тұтастығының символы. Ұйымдастырылған шара елдік құндылықтардың маңыздылығын айқындап, қатысушыларды отансүйгіштік пен мақтаныш рухында біріктірді.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі баршаңызды Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтайды!


