АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 25 Қазан 2025 09:48

«Өрт байланысының орталық пункті» тақырыбында сабақ

            2025 жылғы 23 қазанда Ақмола облысы ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығының базасында, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ЧС-42А тобында «Автоматтандырылған басқару жүйесі және байланыс» пәні бойынша «Өрт байланысының орталық пункті» тақырыбында сабақ өткізілді.

            Сабақ барысында білім алушылар байланыс пунктінің жұмыс ұйымдастырылуымен, құжаттарымен, жабдықтарымен және байланыс құралдарымен танысты. Оларға облыс аумағында өрт ошақтарын анықтауға және олардың орналасқан жерін белгілеуге арналған заманауи технологиялар, сондай-ақ Бурабай ауданы мен Көкшетау қаласының орман алқабын онлайн режимде бақылау арқылы өрттің ерте анықталуын қамтамасыз ететін жүйелер көрсетілді.

            Сабақ барысында байланыс пунктіне өрт туралы хабарлама түсіп, білім алушыларға Орталық диспетчерлерінің нақты уақыт режимінде жұмысын бақылау мүмкіндігі туды.

         

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp