АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 24 Қазан 2025 09:33

«Қазақ тілінің білгірі» атты зияткерлік сайыс

            2025 жылғы 23 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Республика күніне орай «Қазақ тілінің білгірі» атты зияткерлік сайыс өтті. Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары және Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасының жанындағы Педагогикалық шеберлік орталығының «Мемлекеттік тілде сөйлеймін» клубы бірлесіп ұйымдастырды.

            Сайыстың мақсаты – білім алушылар арасында Отанға, туған тіл мен мәдениетке деген құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ түрлі ұлт өкілдері арасында қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын дамыту арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру болды.

            Жүлделі орындар келесідей бөлінді:

  • 1 орын – Букарь Александр, ИФ-12 тобының білім алушысы;
  • 2 орын – Полянская Арина, ФК-12А тобының білім алушысы, және Зубова Дарья, УиА-12 тобының білім алушысы;
  • 3 орын – Цаль-Цалько Ангелина, РЛ-12 тобының білім алушысы, және Овсянникова Вероника, ПМНО-12А тобының білім алушысы.

            Білім алушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және одан әрі табыстар тілейміз!

          

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp