2025 жылғы 22 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде дәстүрлі «Mister and Miss AUTUMN BALL-2025» байқауы өтті. Іс-шара барысында қатысушылар «Mister AUTUMN BALL-2025» және «Miss AUTUMN BALL-2025» атақтары үшін бақ сынасты.
Осы кеште колледж президенті Қасым Шоқан Жанатұлы өрттен балаларды құтқарып қалған қаһарман - ПБ-42А тобының білім алушысы Тоқсанбаев Мирасқа салтанатты түрде алғыс хат табыстады.
«Күзгі бал» колледждегі жылдың ең маңызды мәдени шараларының бірі болып саналады. Жаңа дарындарды ашу, білім алушыларың шығармашылық бастамаларын қолдау, сондай-ақ жаңа таныстықтар мен мүмкіндіктерге жол ашу – байқаудың басты мақсаттарының бірі. Іс-шараға сондай-ақ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары да қатысты.
Биылғы байқаудың қазылар алқасы құрамы:
- Мускина Маржан – «Жастар рухы» Жастар қанаты Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары;
- Лұқман Айсұлу – Жастар ресурстық орталығының өкілі;
- Айтжанов Альмир – 2025 жылғы АҚЖКК түлегі, «Sharm» фотосалонының директоры.
«Mister and Miss AUTUMN BALL-2025» байқауының жеңімпаздары:
- 1 орын – Дайрабек Бекжан, Азаматтық қорғаныс академиясының курсанты және Рапыкова Даяна, РЛ-22 тобының білім алушысы;
- 2 орын – Табатаев Ильдар, ЕҚ-11 тобының білім алушысы және Егімбаева Қазына, ДОВ-12С тобының білім алушысы;
- 3 орын – Оспан Әлібек, ЕҚ-11 тобының студенті және Сантасова Даяна, ПБ-12А тобының білім алушысы.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!


