АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 22 Қазан 2025 09:25

Нағыз кұтқарушы!

            Ақмола облысында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ПБ-42А тобының білім алушысы Тоқсанбаев Мирас және оның әкесі Ерлан Дюсенбаевич өрт кезінде үш баланы құтқарып, нағыз ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсетті. 

            Қайғылы оқиға Біржан сал ауданының Үлгі ауылында орын алды. Тұрғын үйде өрт шығып, сол сәтте үй ішінде бес бала болған. Олардың екеуі өздігінен сыртқа шығып үлгерген, алайда қалғандары отқа оранған үйдің ішінде қалып қойған - жалын кіреберіс есікті жауып қалған еді. Сол сәтте Ерлан мен Мирас Тоқсанбаевтар еш ойланбастан терезені сындырып, қою түтінге толы бөлмеден үш баланы сыртқа алып шыққан.

            Олардың батылдығы мен шешімділігінің, жанқиярлық әрекеттерінің арқасында үш баланың өмірі аман қалды. Тоқсанбаевтар отбасының бұл ерлігі - нағыз ержүректік пен адамгершіліктің, қайсарлық пен ізгіліктің айқын үлгісі.

         Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі білім алушының ерлігіне зор құрметпен қарап, шын жүректен алғысын білдіреді!

         

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp