2025 жылғы 22 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Азаматтық қорғаныс кафедрасының оқытушысы Акиньшин Н.А. «Газтүтіннен қорғаушыны даярлау» пәні бойынша белсенді оқыту әдістерін қолдану аясында ашық тәжірибелік сабақ өткізді.
Сабақтың негізгі мақсаты – білім алушылардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру, олардың теориялық білімдері мен тыныс алуға жарамсыз жағдайларда өртті тиімді сөндіруге және жедел әрекет етуге қажетті практикалық дағдыларын бекіту болды.
Сабақ барысында білім алушылар газтүтіннен қорғаушының төтенше жағдайлардағы мінез-құлқына әсер ететін негізгі психофизиологиялық аспектілерді және оның жұмысының қауіпсіздік мәселелерін зерделеді. Ерекше назар қауіпсіздікті басқарудың психологиялық қырларына, сондай-ақ газтүтіннен қорғау қызметі буындары үшін төтенше жағдайларда психологиялық қорғаныс пен көмек көрсету әдістеріне аударылды.


