АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 21 Қазан 2025 06:12

Кураторлық сағат

            2025 жылғы 17 қазанда Азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжінің ПВ-12 тобында «Дропперлік іс-әрекеттер үшін заң алдындағы жауапкершілік» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараға шақырылған маман - Halyk Bank менеджері Қоспан А.Е. қатысты. Кездесу барысында білім алушыларға жеке банктік карталар мен деректерді үшінші тұлғаларға заңсыз әрекеттер жасау үшін беру немесе сату сияқты қауіпті құбылыстың мәні түсіндірілді.

            Қоспан А.Е. дропперлік схемаларға қатысу бастапқыда «жеңіл табыс» болып көрінгенімен, іс жүзінде қылмыстық жауапкершілікке алып келуі мүмкін екенін атап өтті. Банк менеджері алаяқтардың жастарды қалай алдап, өз қатарына тартатыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді - олар мессенджерлер, әлеуметтік желілер және түрлі хабарландырулар арқылы карта ашуды немесе оны «қауіпсіз мақсатта уақытша беруді» ұсынады.

            Кездесу соңында қатысушылар алаяқтардың құрбаны болмау жолдарын, күмәнді ұсыныстар түскен жағдайда нені ескеру керек және кімге жүгіну қажеттігін талқылады. Кураторлық сағат ашық диалог түрінде өтіп, білім алушылардың қызығушылығын тудырып, олардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.

          

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp