Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ЧС-22В тобының білім алушылары Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізілген «Ең үздік жұмысшы мамандық» атты аймақтық бейнероликтер шығармашылық байқауына қатысты. Байқау қорытындысы бойынша команда құрметті 3 орынды иеленді.
Команда құрамына келесі білім алушылар кірді:
- Кононов Данил
- Барышников Кирилл
- Апетря Яна
- Бондаренко Кристина
Байқаудың мақсаты – жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау, олардың беделін арттыру және еңбек адамдарына құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру. АҚЖКК білім алушыларының қатысуы олардың кәсіби даярлығының жоғары деңгейін, бастамашылдығын және әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды шығармашылық арқылы аша білу қабілетін көрсетті.
Білім алушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта да сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!


