АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 18 Қазан 2025 05:42

Құтқарушы Антын қабылдау

            2025 жылғы 16 қазан күні Қазақстан Республикасының Құтқарушы күні қарсаңында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Азаматтық қорғаныс кафедрасында 2 курс білім алушыларының Құтқарушы Антын қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті.

            Бұл маңызды да толқытатын шара болашақ мамандардың өз өмірін адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғау сияқты асыл іске арнауға дайындығын білдіреді.

            Салтанатты шара барысында білім алушылар құтқарушы атағына сай болуға, ерлік пен қайсарлық танытып, өз міндетін адал орындауға ант берді.

            Білім алушыларды кәсіби қалыптасу жолындағы осы маңызды қадамдарымен құттықтай отырып, оқуда табыс, Отан мен халыққа қызмет етуде сәттілік тілейміз!

       

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp