2025 жылғы 15 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің базасында «Жұмысшы мамандықтар жылы» мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай Ақмола облысы ТЖД құрама командасы мен Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің құрамасы арасында өрт сөндіру-құтқару спортынан жарыс өтті. Бұл іс-шара барысында қатысушылар жоғары деңгейдегі дене дайындығын, кәсіби шеберлікті және командалық рухты керемет көрсетті.


