2025 жылғы 11-12 қазан аралығында Кентау қаласында кадеттер, жасөспірімдер және жастар арасында карате-до Шотокан бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ФК-42А тобының білім алушысы Николенко Руслан колледж намысын абыроймен қорғап, 18-20 жас санатында, +75 кг салмақ дәрежесінде жеке кумитеде 3 орынды және осы санаттағы командалық кумитеде де 3 орынды иеленді.
ҚұттықтаймызҚұттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!