2025 жылдың 9 қазанында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «АҚЖКК Спорттық лигасы» бағдарламасы аясында 1-4 курс білім алушылары арасында «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынынан турнир өтті. Жарысқа 20-дан астам білім алушы қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша ұлдар арасында жүлделі орындар келесідей бөлінді:
- 1 орын – Ашимов Шерхан (ЧС-32А);
- 2 орын – Наурызбаев Батырхан (ТЖ-21А)
- 3 орын – Сайлаубай Расул (ДТ-21)
Қыздар арасында жеңімпаздар атанды:
- 1 орын – Рапыкова Даяна (РЛ-22)
- 2 орын – Сейтхан Айымжан (БМ-31)
- 3 орын – Султанказыева Дильназ (БМ-31)
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта да табыс тілейміз!