АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 08 Қазан 2025 04:46

Кітап көрмесі

            Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің кітапханасында Қазақтың ұлы ойшылы, ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

            Көрмеде Абайдың шығармалары, оның мұрасын зерттеген еңбектер, сондай-ақ ұлт мәдениеті мен әдебиетіне қосқан өлшеусіз үлесін айқындайтын материалдар қойылды. Бұл көрме білім алушыларға Абайдың өшпес мұрасын еске салып, туған мәдениет пен әдебиетке деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге бағытталған.