2025 жылғы 1 қазан күні АҚЖКК базасында Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы және Ақмола облысының «Қоғамдық келісім» өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шара ҚР Оқу-ағарту министрлігі жариялаған «Ұстаз - ұлт шамшырағы» атауымен өткізілді.
Колледждегі маңызды оқиғалардың бірі кафедра жанынан Медиация, қаржылық және құқықтық мәдениет орталығының ашылуы болды. Бұл білім алушылардың қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу дағдыларын қалыптастыруға, құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған білім беру және тәжірибелік алаң.
Іс-шараға Ақмола облысы ПД УПЭ полиция капитаны Елеусизов Жаныбек Кабдугалимович, «Қоғамдық келісім» РММ этномедиация мәселелері жөніндегі маманы Сарсекеева Айнура Жанатовна, «Аналар кенесі» ҚБ төрайымы Жахина Айнура Курманбаевна, колледж қызметкерлері Шайхина Гульжанар Жаксылыковна және Ильясова Самал Ибраевна қатысты.
Кездесуді ұйымдастыруға кафедра оқытушылары Махамбетова А.Е., Мадиева Г.С., Гирьева А.Д., Давлеталинова А.Н., «Құқықтану» мамандығының түлектері, сондай-ақ «Есеп және аудит» және ПМНО мамандығының білім алушылары белсенді атсалысты. Білім алушылар белсенділік танытып, құқықтық жауапкершілік, қоғамдағы медиацияның рөлі және жастар арасындағы экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша сұрақтар қойды.