АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 06 Қазан 2025 07:19

Мерекелік іс-шара

            2025 жылдың 3 қазанында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Мұғалімдер күні және Қазақстан Республикасы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараны колледждің тәрбие бөлімі, директордың ТІ жөніндегі орынбасары Шайхина Г.Ж., ЖІК және колледж кафедралары ұйымдастырды.

            Іс-шара барысында колледж директоры Тураров С.Ж. Туризм және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.

            Колледж ұжымы үлкен жауапкершілікпен дайындалған бұл мереке жарқын да ұмытылмас оқиғаға айналды. Бағдарламаға музыкалық және театрландырылған қойылымдар, білім алушылардың шығармашылық өнер көрсетулері енгізілді.

            Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі баршаңызды осы керемет мерекелермен шын жүректен құттықтайды!

           

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp