Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің «Жайнар» еріктілер клубы және «Жастар рухы» ЖҚ белсенділері Қарттар айлығы аясында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» акциясын өткізді.
Осы күні білім алушылар қарттар үйіне барып, арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Жылы көңіл-күй, әндер мен өнер көрсетулер қарттарға қуаныш сыйлап, рухани серпін берді.
Қарттар айлығы ардагерлер мен қарттарға құрмет білдірумен қатар, олардың қажеттіліктеріне көңіл бөлу мен қамқорлық жасаудың маңыздылығын еске салады.