АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 01 Қазан 2025 04:32

«Үздік өндірістік оқыту шебері»

            2025 жылғы 30 қыркүйекте АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында «Үздік өндірістік оқыту шебері» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – білім беру процесінің сапасын арттыру, озық тәжірибе алмасу және педагог кадрлардың кәсіби өсуін ынталандыру болды.

            Байқауға өндірістік оқыту шеберлері қатысып, жоғары әдістемелік дайындық деңгейін, педагогикалық шеберлігін және оқу процесін ұйымдастырудағы шығармашылық көзқарасын көрсетті.

            Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

  • Гран-при – Ли Марк Евгеньевич;
  • 1 орын – Қайыржан Арман Серікұлы;
  • 2 орын – Ғабит Аңсар Маратұлы;
  • 3 орын – Мельников Антон Сергеевич;

            Байқаудың жеңімпазы «Азаматтық қорғаныс кафедрасының 2025 жылғы Үздік өндірістік оқыту шебері» құрметті атағына ие болып, дипломмен марапатталды.

            Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!

          

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp