2025 жылғы 30 қыркүйекте Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Бақытты отбасы» байқауы өтті. Іс-шара «Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс!» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, кураторлар Ибраева Г.Е. мен Усина С.С. жетекшілік етті.
Байқаудың ерекшелігі – табиғи материалдардан жасалған отбасылық композициялар. Бұл қатысушыларға шығармашылық қабілеттерін, қиялдарын көрсетуге және отбасы бірлігінің құндылығын айқындауға мүмкіндік берді. Ұсынылған жұмыстар өздерінің ерекшелігімен көзге түсіп, отбасы дәстүрлерінің маңызын бейнеледі.