АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 25 Қыркүйек 2025 07:34

Диалог алаңы

            2025 жылғы 25 қыркүйекте Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Есірткі заттарын сақтау және сатқаны үшін құқықтық жауапкершілік» тақырыбында диалог алаңы өтті.

            Кездесудің спикері Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция подполковнигі Курсанова Р.Т. болды. Ашық диалог форматында есірткіні заңсыз сақтау мен сатқаны үшін жауапкершілік мәселелері және жастардың мұндай құқық бұзушылықтарға тартылуының салдары талқыланды. 

            Сонымен қатар, спикер қылмыстық және әкімшілік заңнама нормаларына, профилактикалық шараларға және нақты тәжірибеден алынған мысалдарға ерекше назар аударды. Білім алушылар белсенділік танытып, қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақта дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін маңызды ақпарат алды.

            Мұндай кездесулер жастардың құқықтық санасын қалыптастырып, есірткіге деген теріс көзқарасын нығайтып, салауатты ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді.

           

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp