2025 жылғы 24 қыркүйек күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде білім алушылардың полиция қызметкерлерімен және Дін істері департаментінің өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер, соның ішінде бет толық жабылатын киімдерге тыйым салу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзге де нормалар түсіндірілді.
Спикерлер ретінде Дін істері департаментінің ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің маманы Рүстем Қошмағамбетов және Көкшетау қалалық полиция басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Нұржан Амангелді сөз сөйледі.
Қонақтар жастарға заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, олардың құқықтық ой-өрісін кеңейтуге, зайырлы мемлекет қағидатын түсіндіруге баса назар аударды. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қоғамдағы діннің рөлі мен әлеуметтік қырларын, сондай-ақ заңнамадағы жаңа өзгерістерді талқылады.
Осындай кездесулер білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сын тұрғысынан ойлауын дамытуға және заңға бағынатын азамат болып қалыптасуына жақсы ықпал етеді. АҚЖКК мазмұнды да пайдалы кездесу өткізген құқық қорғау органдарына және мамандарға алғысын білдіреді.