2025 жылғы 23 қыркүйекте Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжіне «Аманат» партиясының жастар қанаты – «Жастар рухы» өкілдері келді.
Кездесу барысында «Жастар рухы» жастар қанатының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Бекешев Султанбек Евгеньевич сөз сөйлеп, ұйымның қызмет бағыттары, жастарға берілетін мүмкіндіктер және қоғамдық өмірге белсенді қатысудың маңызы туралы айтып берді.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті, онда білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Сондай-ақ оларға өз әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін үйірмелер мен жобалар таныстырылды.