АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек 2025 04:27

Сурет байқауы

            2025 жылғы 19 қыркүйекте Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Менің отбасым – менің байлығым!» атты сурет байқауының қорытындылары шығарылды. Байқауға 1–4 курс білім алушылары қатысты.

            Байқаудың мақсаты – отбасылық құндылықтарды, сүйіспеншілікті, өзара түсіністік пен жақындарыңды қолдаудың маңыздылығын насихаттау. Білім алушылардың жұмыстары шынайылығымен, жылулығымен және ерекше ойымен ерекшеленіп, отбасы дәстүрлерін және өмірдің жүрекке жылы сәттерін бейнеледі.

            Қазылар алқасы қатысушылардың көркемдік шеберлігінің жоғары деңгейін және сезімдерді бейнелеу өнері арқылы жеткізе білу қабілетін атап өтті. Байқау колледж өміріндегі жарқын оқиға болып, білім алушыларға шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік берді және барлығына отбасының – әр адамның ең басты құндылығы мен тірегі екенін еске салды. Жеңімпаздар құрмет мадақтамаларымен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

         

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp