2025 жылғы 18 қыркүйекте Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде білім алушылар арасында би баттлы өтті.
Жарқын шара дарынды қатысушылар мен көптеген көрермендерді жинады. Гран-при иегері РЛ-12 тобының білім алушысы Цаль-цалько Ангелина атанды. Бірінші орынды – ФК-12Б тобының білім алушысы Жайлау Еркебулан, екінші орынды – ҚТ-11 тобының білім алушысы Даулетқали Гүларай, ал үшінші орынды – ОТ-12 тобының білім алушысы Жанғали Менсұлу иеленді.
Бұл іс-шара қатысушылар мен көрермендерге қуаныш сыйлап, керемет көңіл-күй мен шабыт берді, сондай-ақ жастар шығармашылығының нағыз мерекесіне айналды.