АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 18 Қыркүйек 2025 04:13

Кездесу

2025 жылғы 17 қыркүйекте Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде бірінші курс білім алушыларымен кездесу өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхина Г.Ж. және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі инспектор Кошкенова А.О. ішкі тәртіп ережелері мен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша әңгіме жүргізді.
Кездесу барысында аутодеструктивті мінез-құлық тақырыбына, өмірді қадірлеу мен бағалаудың, үлкендерді сыйлаудың және тәртіп сақтаудың маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді. Білім алушыларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті көздейтін баптар туралы айтылып, сағат 23:00-ден кейін көшеде жүруге тыйым салынатыны еске салынды.
Кездесу соңында білім алушылардың құқықтық мәдениетін дамытуға және жауапкершілікті мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған құқықтық сауаттандыру сабақтары ұйымдастырылды.

 

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp