2025 жылғы 11 қыркүйек күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде бірінші курс білім алушыларына арналған кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған «Ашық есік күні» өтті. Іс-шара «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында өтті.
Кездесу барысында бірінші курс білім алушылары кітапхананың құрылымымен танысып, оқырманның құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ кітапхананы пайдалану ережелерін білді. Іс-шара соңында білім алушылар оқырман билеттерін рәсімдеп, көркем әдебиеттерді үйге алды.