АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 09 Қыркүйек 2025 10:55

Бірінші курс бакалавриат білім алушыларымен кездесу

            2025 жылдың 9 қыркүйегінде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде бейімделу апталығы аясында Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен бірінші курс бакалавриат білім алушыларымен кездесу өтті.

            Іс-шара барысында бірінші курс білім алушылары бір-бірімен жақынырақ танысып, достық қарым-қатынас орнатып, коммуникативтік дағдыларын дамытуға және топ ішіндегі бірлікті нығайтуға мүмкіндік алды.

            Сонымен қатар білім алушыларға колледждің дәстүрлері, студенттік өзін-өзі басқару жұмыстары, сондай-ақ шығармашылық клубтар мен спорттық секцияларда өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Мұндай кездесулер жастардың жаңа ортаға сәтті бейімделуіне ықпал етіп, өздерін студенттік қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде тезірек сезінуге көмектеседі.