АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 08 Қыркүйек 2025 10:45

Бірінші курс білім алушыларымен кездесу

            2025 жылғы 8 қыркүйекте Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде бірінші курс білім алушыларымен кездесу өтті. Кездесуді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхина Г.Ж. жүргізді.

            Әңгіме барысында колледждің ішкі тәртіп ережелеріне қатысты маңызды мәселелер қарастырылып, бірінші курс білім алушыларының бейімделу кезеңінің ерекшеліктері талқыланды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары студенттерді колледждің дәстүрлі іс-шараларымен таныстырып, шығармашылық клубтардың жұмысы мен жастардың өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері туралы айтты. Диалог алаңы форматында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды.

            Сондай-ақ колледжде әрбір білім алушыға қолдау көрсетуге дайын психологиялық қызметтің жұмыс істейтіні атап өтілді.

        

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp