2025 жылдың 4 қыркүйегінде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің кітапханасында «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Тілім менің – мерейім!» атты оқырмандар байқауы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы – кітапхана және Жастар ісі жөніндегі комитеті.
Байқауға қатысушылар қазақ және орыс тілдерінде өз өнерлерін көрсетіп, тыңдармандарға әсерлі шығармашылықтарымен қуаныш сыйлады. Білім алушылардың дайындығы жоғары деңгейде бағаланды.
Байқау қорытындысы бойынша білім алушылар келесі орындарға ие болды:
- I орын – Бекер Елизаветта, ЧС-12А тобының білім алушысы, кураторы Айдаркулова Г.К.
- II орын – Шкурметова Камила, ЧС-12А тобының білім алушысы, кураторы Айдаркулова Г.К.
- III орын – Тлеугабылова Жанель, РЛ-12 тобының білім алушысы, кураторы Дашковская Е.В.