«10320100 – Өрт қауіпсіздігі» – 2025 ж. мамандығы бойынша үздік жағдаяттық, талдамалық және практикалық тапсырмалар байқауы өз мәресіне жетті. Аталған байқау Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі жанындағы Оқу-әдістемелік бірлестік (ОӘБ) тарапынан ұйымдастырылды.
Бұл байқау бейінді колледждердің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында алғаш рет өткізілді. Мақсаты – мазмұнды әрі тиімді оқу материалдарын әзірлеуді ынталандыру. Қазылар алқасының мұқият іріктеуінен кейін оқыту үдерісінде тиімділігімен, өзектілігімен және ерекше ой-тұжырымымен ерекшеленген тапсырмалардың авторлары жеңімпаздар ретінде анықталды.
Жүлделі орындарға келесі оқу орындарының арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері ие болды:
- 1-дәрежелі диплом – Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі;
- 2-дәрежелі диплом – Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі;
- 3-дәрежелі диплом – Тараз мамандандырылған колледжі.
Аталған іс-шара оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби дамуына ықпал етіп, білім беру үдерісінің тиімділігіне, оқыту сапасына, сондай-ақ білім алушылардың талдау жасау және шешім қабылдау дағдыларын дамытуға оң әсерін тигізетінін атап өткен жөн.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және барлық қатысушыларға атсалысқандары үшін зор алғысымызды білдіреміз!
«Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі» мекемесі жанындағы Оқу-әдістемелік бірлестігі