2025 жылғы 4 маусымда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің әкімшілігі және білім алушылары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Менің туым – менің мақтанышым!» атты патриоттық челленджге қатысты.
Бұл челлендж колледж білім алушылары арасында патриотизм мен азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенінің бір бөлігі болды.