2025 жылдың 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күні мен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің білім алушылары мен белсенділерінің қатысуымен жарқын әрі есте қаларлық шеру өтті.
Іс-шара қуанышқа, жылылыққа толы мерекелік атмосферада өтті. Шеруге қатысушылар өз мамандықтарының ерекшеліктерін көрсететін тақырыптық бейнелер мен символикаларды таныстырып, жұмысшы мамандықтардың заманауи қоғамдағы маңыздылығын айқындады.
Шараның басты сәттерінің бірі – колледж білім алушылары мен оқытушылары ұйымдастырған мастер-кластары болды. Қатысушылар түрлі мамандықтар бойынша өз күштерін сынап көріп, кәсіби бағыттардың қыр-сырын біліп, шығармашылық және практикалық дағдыларын көрсете алды.