2025 жылғы 21 мамырда колледж білім алушылары арасында Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің «Өрт қауіпсіздігі» мамандығының 1-курс білім алушысы Турлыбай Расул жүлделі II орынды иеленді.
Жоғары көрсеткіштері үшін ол дипломмен, ал жетекшісі Ибраева Гульмайра Ескендировна Алғыс хатпен марапатталды. Олимпиада білім алушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға жақсы ықпал етеді.