АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 26 Мамыр 2025 07:35

Есептік концерт

2025 жылғы 22 мамырда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Шығармашылық ізденіс - шеберлік шыңының баспалдағы» атты есептік концерт өтті. Іс-шара Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасы жанындағы Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

            Концерт – шығармашылық жылды қорытындылаған жарқын оқиға ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың кәсіби өсуі мен өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысының айқын көрінісі болды. Қатысушылар өз жетістіктерін келесі бағыттар аясында ұсынды: «Театрлық қызмет», «Мемлекеттік тілде сөйлеймін» клубы, «WorldSkills – кәсіпқойлыққа апарар жол», «Шеберлікке жету қадамы» және «Шығармашылық шеберханасы». Әрбір қойылым табандылық, дарын және еңбектің кәсіби қалыптасудың негізі екенін дәлелдеді.