2025 жылғы 19 мамырда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ТЖ-41Б және ӨҚ-41Б топтарының білім алушылары кураторлар Омиралина М.К. және Жаркина М.К. жетекшілігімен Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Жедел-құтқару жасағына барды.
Экскурсияның мақсаты – білім алушыларды жасақтың қызметімен, құрылымдық құрамымен және жұмыс тәртібімен таныстыру. Іс-шара барысында қызметкерлер білім алушыларға заманауи техникалық жабдықтарды, құтқару құралдарын көрсетіп, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде атқаратын жұмыстарымен таныстырды.
Омиралина М.К., Жаркина М.А.