АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 24 Мамыр 2025 07:08

Сурет байқауы

2025 жылғы 22 мамырда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде 1 курс білім алушылары арасында «Жастар арасындағы зиянды әдеттер» тақырыбында сурет байқауы өтті. Іс-шараны құқықбұзушылықтың алдын алу инспекторы Махамбетова А.Е. ұйымдастырды.

            Байқаудың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында темекі тарту, нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алу. Қатысушылар өз жұмыстарын шығармашылық өлеңдермен және зиянды заттарды қолдануға деген көзқарастарымен қорғап шықты.

            Жеңімпаздар келесідей анықталды:

  • 1 орын – ФК-12Б тобы (кураторы Дашковская Е.В.)
  • 2 орын – ПБ-12 тобы (кураторы Максютов Р.В.)
  • 3 орын – ПБ-12А тобы (кураторы Корнева О.С.)

            Байқау білім алушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, салауатты өмір салтына деген ұмтылысын арттырды.