АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 23 Мамыр 2025 07:01

Кәсіби шеберлік байқауы

2025 жылғы 20 мамырда Петропавл қаласындағы Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің базасында арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында жыл сайынғы халықаралық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Аталған халықаралық байқауға Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шеберлері — Исаков Біржан Жеткірбайұлы және Қайыржан Нұрсұлтан Серікұлы қатысып, оқу орнынын намысын қорғады. Байқау қорытындысы бойынша Исаков Б.Ж. II дәрежелі дипломмен марапатталды, сонымен қатар Қайыржан Н.С. қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Құттықтаймыз және кәсіби қызметте табыс тілейміз!

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp