2025 жылғы 12-15 мамыр аралығында Азаматтыққорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Репродуктивті денсаулық апталығы өтті. Бұл бастама ҚазақстанРеспубликасы Президентінің жанындағы Әйелдер істеріжәне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттықкомиссияның қолдауымен жүзеге асырылды. Іс-шаралар«Панацея» клиникасы мамандарының, колледж психологыМазбаева Г.А. және медбике Ковальчук А.В. қатысуымен ұйымдастырылды.
Апталықтың мақсаты – жасөспірімдердіңрепродуктивті денсаулықтың маңыздылығы, қалаусызжүктіліктің, жыныстық жолмен берілетін жұқпалардың, АИТВ-ның алдын алу және адам папилломасы вирусынақарсы екпенің маңыздылығы туралы ақпараттануынарттыру болды.
Апта аясында «Панацея» клиникасында ашық есіккүндері, тегін медициналық тексерулер мен кеңестер, ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар және АИТВ-ға жеделтестілеу ұйымдастырылды. Апталықтың бастытақырыптарының бірі – АИТВ-ның алдын алу болды.
Репродуктивті денсаулық апталығы жастардың өзденсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруғабағытталған маңызды қадам болды.