АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 27 Қазан 2017 04:54

«Уақыт хроникасы» көрмесі

24 қазан 2017 жылы ҚТ-11С, ҚТ-21, ҚТ-31, 31С топтарының білім алушылары Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залындағы «Уақыт хроникасы» көрмесіне қатысты. Музей қызметкерлері кеңес уақытындағы стиль мен атмосфераны көрсетуге тырысты. Көрмеде 50-80 жылдардағы құжаттар, ақша белгілері, тұрмыстық заттар ұсынылған. Бір бөлігі КСРО-ның ХХ ғасырдағы 70-80 жылдарындағы сәнге арналған.

Көрме төрт бөлімнен тұрады: Плакаттар, «Ленин бұрышы», кеңес адамдарының тұрмысы, «біз, Кеңес уақытының балаларымыз».

Кеңес Үкіметіндегі адамдардың өмірі туралы даулар көп. Бірі ол кезеңді жақтаса, біреуі жақтамай, тәуелсіз елдің билік жүргізудегі саясатын қолдайды. Алайда қазіргі жастарға тәуелсіз елдің тарихының бір бөлігін теорияда оқумен қатар көрменің көмегімен көргені бір бөлек.

Бекжанова М.Е.

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp